2020 жылдың мамыр айында Ақмола облысының облыс орталығында инемен есірткі тұтынатын адамдарға АИТВ-ның алдын-алу бойынша жоба басталды.
Бұл туралы "Kokshe" облыстық телеарнасында "Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды оңалту және бейімдеу ӘПО" қорының жетекшісі Нурлыбек Конуспаев мәлімдеді.
"Сонымен, жоба аясында АИТВ-инфекциясын анықтауға арналған тесттер сатып алынып, арнайы қызметкерлер дайындалды, олар АИТВ-ға жедел тестілеу және мақсатты топ арасында АИТВ-инфекциясының, вирустық гепатиттердің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша әңгімелесулер өткізеді", - деп атап өтті спикер.
Жоба туралы көбірек ақпаратты Сіз инстаграмдағы @7162spc.kz Қордың ресми аккаунтынан біле аласыз.