Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының байқау комиссиясы құрамындағылар З.А.Хван, А.Б.Балтабаева, Н.А.Конуспаев, Ж.Н.Шарипова, И.В.Литюшкина "Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні шеңберінде, "Есте сақтау және өмір сүру!" Instagram әлеуметтік желісіндегі үздік пост байқауының қорытындысын шығарды.
Қазылар алқасы екі жарым сағаттан астам уақыт бойы 30 қатысушының фото және бейне материалдарын, сондай-ақ ақпарат берудің мазмұндылығы, ақпараттылығы, өзектілігі, креативтілігі және түпнұсқалығы бойынша постыдағы мәтіндерді бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды @uezhaksy аккаунты, екінші орынды - @nevermind_kz, үшінші орынды - @li_sobaken иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 10 000, 5 000 және 3 000 теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Жүлдені алу үшін бізге direct-ге жазуыңызды немесе 8 (7162) 250754 телефоны бойынша қоңырау шалуыңызды сұраймыз.
Барлық байқауға қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін Алғыс білдіреміз, өйткені Сіздердің әрқайсысыңыз бүгінгі күні денсаулықты сақтау және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру ісіне үлес қостыңыздар.