2020 жылдың 12 мамырында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының инфекционист дәрігері Гульбаршин Жаксалыкова және эпидемиолог дәрігері Асель Балтабаева облыстық "Kokshe" арнасында "Әлеумет"телевизиялық бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама шығарылымы барысында дәрігерлер жүргізушілермен бірге Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарын, АИТВ-инфекциясын емдеу мәселелерін талқылап, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың кездесетін проблемаларымен бөлісті.
Бағдарламаның соңында орталық мамандары көрермендерді АИТВ-мәртебесін тегін білу мүмкіндігі туралы еске сала отырып, өз денсаулықтарына жауапты болуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аталып өтеді, ол АИТВ-жұқпасы мәселесіне халықтың назарын аударту, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітусіз қоғам құру болып табылады.