«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні аясында, Instagram әлеуметтік желісіндегі "Есте сақтау және өмір сүру!" атты тақырыбында үздік бейнепост облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ:

11.05.2020

                                                                                                                                      № 2 қосымша

 

Ақмола облысында ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні аясында, Instagram әлеуметтік желісіндегі  "Есте сақтау және өмір сүру!" атты тақырыбында үздік бейнепост облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ:

 

Ұйымдастырушылар: «Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы»

Қатысушылар: Байқауға Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтары мен Ақмола облысының аймағында тұрақты тұратын адамдары қатыса алады.

 

Мақсат: Салауатты өмір салтын және өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын насихаттауды жандандыру, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халыққа қолжетімді және дұрыс ақпарат беру.

Байқаудың міндеттері:

  • АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша, халықтың ақпараттылық деңгейін жоғарылату;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Жауапты адамгершілік-жыныстық, мінез-құлықтардың қауіпсіз дағдыларын дамыту;
  • АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру;

 

Өткізу мерзімі: "Есте сақтау және өмір сүру!" атты тақырыбындағы Instagram әлеуметтік желідегі үздік бейнепост байқауы  2020 жылдың 4-ші мамырдан 17-ші мамырға дейін  өткізіледі.

 

Байқау жұмыстарының талаптары мен шарттары:

  • Instagram парағыңызда осы тақырыпқа арналған хабарламаны (фото немесе видео) ортақ хэштегпен (#Естесақтаужәнеөмірсүру! #Ескеалукүні #АқмолаЖИТСорталығы) қазақ немесе орыс тілдерінде, онда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толеранттылық көзқарасын қалыптастыратын, АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын-алу шаралары туралы айтылуы қажет. Жарияланымдағы ақпараттық мәтінде автордың (авторлардың) байқауға не үшін қатысқандығы туралы «Есте сақтаңыз және өмір сүріңіз!» Ұраны туралы өзінің түсінігін ашып көрсетуі керек.

 • Біздің орталықтың арнай аккаунтына - @akmaids жазылып, бізді белгілеуі керек.

 •  Байқау кезеңінде аккаунт ашық болуы қажет.

 • Байқауға жекелей түрде, сонымен қатар құрамы 3 адамға дейін, топтық жұмыс жіберуге болады.

  • Байқаулық жұмыстарды іріктеудегі маңызды критерий олардың мазмұндылығы, ақпараттылығы, өзектілігі, креативтілігі, бірегейлігі, шығармашылық тәсілі болып табылады. Ғаламтордан материалдарды пайдаланбаңыз!!!
  • Байқаулық комиссия қосымша қарап шығу және репост санын қадағалайтын болады.

 

 

Байқау қорытындысын қорыту. Байқаулық жұмыстар 18.05.2020 ж. байқаулық комиссия отырысында бағаланады.

 

Марапаттау:

        Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады: бірінші орын - 10 мың теңге, екінші және үшінші орын-5 мың және 3 мың теңге. Қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына мына тел. бойынша:

8 (7162) 25-07-54  хабарласуға болады.