21 сәуірде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында 2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Медициналық кеңес өтті.
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Сабира Ашимованың баяндамасынан осы кезеңде АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылдың деңгейінде қалғандығы белгілі болды. Инфекцияның жаңа жағдайлары облыстың 8 өңірінде анықталды. АИТВ-жұқпасының негізгі жолы - жыныстық қатынас. Жасы бойынша құрылымы біршама өзгерді: 20-29 жас аралығындағы жұқтырғандар саны 3-тен 8-ге дейін; 50-59 жас аралығындағы 2-ден 5-ке дейін ұлғайды.
Жалпы қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша мақсатты индикаторларына қол жеткізілді.
Коронавирустық инфекция бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты "СПИД ЦЕНТР KZ" мобильді қосымшасы, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы емделушілерге онлайн кеңес беру арқылы жұмыс күшейтілді.