Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының дәрігерлері қазақстандықтарды коронавирустық инфекцияның алдын алудың қарапайым ережелерін сақтауға шақырған постермен акцияға қатысты, деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.
Бас дәрігер Курманбек Бурмаганов, коронавирустың алдын алудың қарапайым ережелерін сақтау өте маңызды және АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін олар барлығына бірдей деп айтты.
Төтенше жағдай кезінде Көкшетау қаласындағы ЖИТС орталығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді.
"Егер біздің орталықтың жұмысы, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, біз оларға сенім телефоны арқылы 8 (7162) 33-80-25 және әлеуметтік желі @akmaids жауап беруге қуаныштымыз",- деп түйіндеді бас дәрігер.
Коронавирустың алдын алудың негізгі шаралары:
· Қолды сабынмен (40-60 секунд ішінде) немесе спирттік негізде қолға арналған дезинфекциялық құралмен (20-30 секунд ішінде) жиі жуу;
· Компьютер клавиатурасын және ұялы телефонды спирттік негізде дезинфекциялау құралымен өңдеу;
· Адам көп жерден және қоғамдық орындардан аулақ болу;
· Жөтел немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды шынтақпен немесе майлықпен жабыңыз. Қолданғаннан кейін бірден майлықты тастаңыз;
· Дене қызуы, ыстық немесе жөтелі бар біреумен тығыз байланыста болмаңыз;
· Егер сіз ауырсаңыз, үйде болыңыз;
· Жануардан алынған өнімдерді мұқият жылумен өңдеңіз.
· Жиі ылғалды тазалау және үй-жайларды желдету қажет.
Егер сізде температура, құрғақ жөтел және тыныс алу қиын болса, 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы Call-орталығына қоңырау шалыңыз және симптомдарыңыз туралы айтып беріңіз.