2 ақпан 2016 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Хван З.А. «Ақбота» балабақшасының қызметкерлімен кездесіп, оған 18 адам қатысты. Орталықтың маманы «АИТВ-инфекция» және «ЖИТС-ң» айырмашылығын түсіндіріп берді, жұғу жолдарын, оның алдын алу шараларын айтып, ҚР және Ақмола облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдай жөнінде мағлұмат берді. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерге баратын АИТВ-инфекциясы бар балаларды кемсіту сұрақтары көтерілді. Кездесуң барысында социологиялық сауалнама жасалып, ақпараттандыру 90% құрады,буклеттер, плакаттар, күнтізбелер таратылды.