Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- З. Хван Көкшетау қаласы полиция басқармасының жеке құрамымен кездесу өткізді, оған 57 адам қатысты.
З.Хван Ақмола облысында АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып, АИТВ-инфекциясы қалай берілетінін, аудиториямен бірге АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мәселелерін, өзінің АИТВ мәртебесін білу мүмкіндігін талқылады. АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларына, әсіресе полицейлердің жұмысына байланысты - тексеру жүргізу кезінде, ұсталғандарды алып жүру кезінде, микротравмалар мен жұмыста авариялық жағдайлар болған жағдайда байланыстан кейінгі алдын алуына егжей-тегжейлі тоқталды.