2020 жылдың 22 қаңтарда Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалында АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында педагогтармен кездесу өтті.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының маманы Нурлыбек Конуспаев сұхбат және интерактивті қарым-қатынас түрінде Ақмола облысы бойынша жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат беріп, облыс педагогтары мен Көкшетау қаласының мектеп оқушыларының ақпараттандырылуына толығырақ тоқталды.
Мұндай кездесулер жыл бойы осындай түрде өтетіні жоспарланған.