«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік қызметі
Бірқатар жылдар бойы Ақмола облыстық ЖИТС орталығында жоғарыда сипатталған барлық сәттерді қозғайтын "АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу" мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
АИТВ-инфекциясына ерікті медициналық тексеруден өтуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар олардың таңдауы бойынша тексеріледі: құпия (құжат ұсынылады) немесе жасырын (құжаттар талап етілмейді).
Азаматтардың басым бөлігі АИТВ-ға тексерілуден өтуге болады және инфекцияның жоқтығына көз жеткізеді. Бірақ жалпыға бірдей жария қорқыныш барлық тілекті жиі үзеді. Заңды түрде зерттелетін адамға дәрігерлік құпияны, жүргізілген зерттеулердің құпиясын және олардың нәтижелерін сақтауға кепілдік берілетінін еске салу қажет.
Алайда, егер адамда қорқыныш болмаса, бұл жағдайда оған анонимді тексеру мүмкіндігі беріледі. Яғни, емделуші өз деректерін ұсынбастан, талдауды тапсырады, мұндай жағдайда емделушіге оған қатысты барлық зерттеулер жүргізіліп, нәтижелер беріледі. Және одан әрі ол өзі алынған нәтижемен қалай жұмыс істеуді шешеді.
Егер Сізде АИТВ-дәрежеңізді білу алғы шарттары пайда болса, ЖИТС ОО-ға баруды ұзақ жәшікке қалдырмаңыз. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақмола облыстық орталығына Көкшетау қаласы, Зарап Темірбеков көшесі, 29 мекен-жайы бойынша хабарласыңыздар. АИТВ-ға талдау көктамырлық қанды, таңертең, аш қарынға, арнайы дайындықтарсыз алуды көздейді.
Күн сайын қан алу ( сенбі мен жексенбіден басқа) 8.30-дан 12.00-ғе дейін. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін АИТВ-ға тексеру тегін.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының дәрігері- С. Р. Багинский