«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Көкшетау қалалық кітапханалардағы тренингтер

10.12.2015

Әлемде жыл сайын 1 желтоқсан ЖИТС-пен күрес күні ретінде аталып өтеді. 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін бүкіл Қазақстан бойынша салауатты өмір салтын насихаттауға, АИТВ/ЖИТС туралы тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған, заманауи техникалық құралдар және ағарту формаларын қолданып, жастарға ерекше көңіл бөлініп, әр түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Cалауатты өмір салтын насихаттауға, АИТВ/ЖИТС туралы жастарды ақпараттандыруға қалалық кітапханалар ЖИТС орталығының мамандарымен бірлесіп белсенді қатысты, көрмелер ұйымдастырды және ақпараттық-білімдендіру тренингтерін өткізді. Осы тренингтер барысында АИТВ-инфекцияның жұғу жолдары жөнінде айтылып, рольдік ойындар арқылы қоғамның АИТВ-оң адамдарға деген көзқарасы көрсетілді. АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттану бойынша сауалнама өткізіліп, оның орта көрсеткіші 57% құрады. Ақпараттық-білімдендіру тренингтерімен №22 оқу-тәрбиелік кешен және №1 сервистік-техникалық кешен қамтылды, жалпы келгендер саны 44 адам болды.