2019 жылдың 28 қарашасында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
"Тұңғыш Президенттің мемлекетіміз бен халық алдындағы, өндірістің барлық салаларының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі баға жетпес.
Сондай-ақ, денсаулық сақтауды дамыту осындай биіктіктерге жетті, бұл бүгінгі күні біз науқастарды диагностикалау мен емдеудің күрделі әдістерін жүргізуге мүмкіндігіміз бар.
Ел халқы үшін оқыту, жұмыс, сауықтыру үшін барлық жағдай жасалған. Көптеген әлеуметтік бағдарламалар бар.
Біздің әрқайсымыздың қосқан үлесіміз қоғам игілігі үшін, адал еңбек болуы тиіс.
Ұлы тарихи күндер - Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні құрметіне, өзінің функционалдық міндеттерін жауапты орындаушы қызметкерлер, сол арқылы елдің дамуына үлес қосқан қызметкерлер мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталады"- деп бас дәрігер К.Ж.Бурмагановтың құттықтау сөзінде айтылды.
Тұңғыш Президенттің басшылығымен Қазақстан Республикасының басты жетістіктері туралы фильм көрсетілді.