2019 жылдың 20 қарашасында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы Денсаулық сақтау қызметтерінің АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша, өзара әрекеттестігі жөнінде облыстық семинар өткізді. Семинарға 28 адам орталық мамандары, облыс өңірлерінің ЖИТС бойынша жауапты дәрігерлері, Көкшетау қаласының АМСК мамандары қатысты.
Семинар барысында қатысушылар республикадағы және облыстағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен танысып, мынадай: жүкті әйелдерді АИТВ-жұқпасына және басқа да эпидемиологиялық маңызды топтарға (ИЕТА, ЖЖБИ, реципиенттер) тексеру бойынша мониторинг ұйымдастыру; аудандық МҰ деңгейінде АИТВ-жұқтырған адамдарды диспансерлеуді ұйымдастыру; АИТВ-инфекциясын жұқтырғандармен емдеу жұмысының проблемалық мәселелері; преаналитикалық кезеңде медициналық ұйымдардың жіберген қателіктері; халық арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу жұмыстары жөнінде мәселелерді талқылады. "ЖИТС орталығы. "KZ" мобильді қосымшаны қолдану презентациясы өткізілді.