2019 жылдың 14 қарашада Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының маманы Асель Балтабаева мен Ақмола облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттері арасында іс-шара өткізді.
"Қоғамдастықтардың шешуші рөлі" - тақырыбындағы ұранында кездесу өтті, онда АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма мен кемсітушілік мәселелері, сондай-ақ халықтың осал топтарының өкілдері талқыланды.
Іс-шара шапшаң сауалнамамен, сыйлықтарды тапсырумен аяқталды, онда болашақ медицина қызметкерлері тамаша білім көрсетті.