«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында, Instagram әлеуметтік желісіндегі "Мен АИТВ-ның алдын алуды жақтаймын" атты тақырыбында үздік бейнепост облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ:

01.11.2019

 

№ 2 қосымша

 

Ақмола облысында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында, Instagram әлеуметтік желісіндегі  "Мен АИТВ-ның алдын алуды жақтаймын" атты тақырыбында үздік бейнепост облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ:

 

Ұйымдастырушылар: «Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы»

Қатысушылар: Байқауға Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтары мен Ақмола облысының аймағында тұрақты тұратын адамдары қатыса алады.

Тақырып: "Мен АИТВ-ның алдын алуды жақтаймын"

 

Мақсат: Салауатты өмір салтын және өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын насихаттауды жандандыру, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халыққа қолжетімді және дұрыс ақпарат беру.

Байқаудың міндеттері:

  • АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша, халықтың ақпараттылық деңгейін жоғарылату;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Жауапты адамгершілік-жыныстық, мінез-құлықтардың қауіпсіз дағдыларын дамыту;
  • АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру;

 

Өткізу мерзімі: «Мен АИТВ-ның алдын алуды жақтаймын» атты тақырыбындағы Instagram әлеуметтік желідегі үздік бейнепост байқауы  2019 жылдың 1-ші қарашасынан 29-шы қарашасына дейін  өткізіледі.

 

Байқау жұмыстарының талаптары мен шарттары:

1. Берілген тақырыпқа сай, қазақ немесе орыс тілінде ұзақтығы 1 минуттан артық емес, қысқаша бейне түсіріп, өзіңнің Instagram-ға жалпы хэшт-тің астына орналастыру қажет:         #Мен АИТВ-ның алдын алуды жақтаймын

     #ДүниежүзілікЖИТСпенкүрескүні 

     #АқмолаЖИТСорталығы.

2. Біздің орталықтың арнай аккаунтына - @akmaids жазылып, бізді белгілеп, түсініктеме жазу керек.

3.  Байқау кезеңінде аккаунт ашық болуы қажет.

4. Байқауға жекелей түрде, сонымен қатар құрамы 3 адамға дейін, топтық жұмыс жіберуге болады.

5. Байқаулық жұмыстарды іріктеудегі маңызды критерий олардың мазмұндылығы, ақпараттылығы, өзектілігі, креативтілігі, бірегейлігі, шығармашылық тәсілі болып табылады. Интернеттен материалдарды пайдаланбаңыз!!!

6.  Байқаулық комиссия қосымша көрулер мен репостардың санын, сондай-ақ жарияланымдағы ақпараттық мәтінді қадағалайтын болады. Ақпараттық мәтін автордың "Мен АИТВ-ның алдын алуды жақтаймын" ұранын өз түсінігін аша отырып, байқауға неге қатысатыны туралы пікірін қамтуы тиіс.

 

Байқау қорытындысын қорыту. Байқаулық жұмыстар 03.12.2019 ж. байқаулық комиссия отырысында бағаланады.

 

Марапаттау:

         Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады: бірінші орын - 15 мың теңге, екінші және үшінші орын-10 және 5 мың теңге. Марапаттау дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған қорытынды акцияда 2019 жылы 5 желтоқсанда сағат 16-00-де Көкшетау қаласының "Көкшетау" МҮ өтеді.

            Сұрақтар пайда болса, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына мына тел. бойынша: 8 (7162) 25-07-54  хабарласуға болады.