3.12.2015 ж. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық аясында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының мамандары Батеш Бапенова, Сауле Жаканова, Айсұлу Аскар ЕЦ 166/24 МСБ медициналық қызметкерлерімен бірге «Біз тұратын әлемде АИТВ бар, бірақ ол ортамызда болмауға тиіс» атты акция өткізіп, оған жеке құрам мен 80 сотталғандар қатысты. Акция басында барлық қатысушылар АИТВ-инфекция туралы ақпараттық-білімдендіру материалдарын алып, кеуделеріне «Қызыл жолақтар» тақты. Кіріспе сөзбен МСБ басшысы Сауле Бекенова және эпидбөлім меңгерушісі Батеш Бапенова акцияны ашты. Тыңдаушылар республика және облыстағы АИТВ-инфекция бойынша эпиджағдай туралы біліп, «Кездейсоқ байланыстар» бейнеролигін көрді.
«АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша» кроссворд шешіп, «Что я знаю о ВИЧ и СПИД» викторинасына, «Глухой телефон» ойын-жаттығуға қатысты. Сотталғандар бағдарлама арасында ЖИТС, нашақорлық туралы өлең оқып, «Ана мен бала» жөнінде аңыз айтылып, музыкалық нөмірлер қойылды.
Акцияны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға - 22 адамға, ЖИТС орталығы құнды сыйлықтар тапсырды.