Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының педагогі Сулейменова А.С. „Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының" „Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалында жалпы білім беру мектептерінің орыс тілі және әдебиеті мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен семинар-тренинг өткізді. Кездесу барысында Республика және Ақмола облысы бойынша АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайдың презентациясы көрсетілді. Педагогтарға оқушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөнінде тренинг, ми шабуылы, ойындар ретінде ең тиімді жолдары айтылып, қатысушылар «Ответ на письмо читателя» атты тренинг барысында, АИТВ-жұқтырғандармен байланыста болған кезде жұқтыру қауіпі туралы әйгілі журнал оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Осы облыстағы АИТВ-жұқтырғандардың хикаялары айтылды: қалай жұқтырды, не сезінеді, АИТВ-дәрежесімен қалайша өмір сүруде. Семинар АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша социологиялық сауалнамамен аяқталды.