2019 жылдың 27 қыркүйегінде Көкшетау қаласының №1 орта мектеп - гимназиясында "ХХІ ғасырдың қазақстандық ата-анасы-өз баласына үлгі бол"атты ата-аналар конференциясы өтті.
Конференция спикерлерінің бірі Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің маманы Нурлубек Конуспаев сөз сөйледі.
Өз сөзінде орталықтың маманы АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттармен бөлісті: берілу жолдары, алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясы бойынша жасөспірімдермен қарым-қатынас жасау дағдылары. Ақпараттандыру және жаһандану дәуірінде дені сау жас ұрпақтың қалыптасуында отбасының маңызды рөлін атап өтті.