2019 жылдың 30-шы шілдесінде Ақмола ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен, Ақмола облысында АИТВ-ның алдын-алу бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
Кеңесте халықтың осал топтарына баса назар аудара отырып, облыста АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай, тексеруден және емделуден жалтарған адамдарды іздестіру кезіндегі мәселелер және т.б. талқыланды. Кеңес жұмысына ДСБ бөлімінің басшысы, есірткіге қарсы күрес және криминалдық полиция басқармасының басшысы, ТҚСҚБ, Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшылары, сондай-ақ АОПДО мамандары қатысты.