2019 жылдың 27 шілдесінде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдады.
Бұл күні жаппай сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен қаланың ірі бизнес құрылымдарының, банктердің ұжымдары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, БЕК, сондай-ақ облыс орталығының жанашыр тұрғындары шықты. Жинау Қопа көлінің бойымен ескі әуежайдан Кенесары көшесіне дейін, Қылшықты өзенінің бойымен, Бұқпа шоқысы, Краснояр саяжайлары бойымен, Шағалалы су қоймасы бойымен, Красный Яр ауылы, Застанционный кентіне жүргізілді.
Көкшетау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, акцияға шамамен 10 мың адам, 34 бірлік арнайы қызметкер қатысты және 1200 текше метр қоқыс шығарылды.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың 20 шілдесінде Премьер-Министр Асқар Мамин «Birge - Taza Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясын бастауын айтқан болатын, ол барлық аймақтарды, экологиялық белсенділерді, жастар ұйымдары мен еріктілерді осы бастаманы қолдауға шақырды.