2019 жылдың 19 шілдесінде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, облыстық психикалық денсаулық орталығымен және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, қалалық емхана жанындағы "Чайка" және "Сокол"балалар сауықтыру орталығында жастармен кездесу өткізді. Алдын алу бөлімінің социологы - Н.Конуспаев, «АИТВ және ЖИТС» дегеніміз не екенін әңгімелеп, пікірталас үдерісінде, АИТВ-ның берілу жолдарын анықтап, АИТВ-жұқпасының ескерту ретінде, әрбір адам өз үшін жауапты екенін деген сұрақтар қозғады. Кездесу бойында оқушылар белсенді қатысып, өз көзқарастарын айтып отырды. Кездесу соңында аудитория АИТВ-ның оң мәртебесі бар адамдардың өмірі мен еміне қатысты қызықты сұрақтар қойды. Осындай іс-шаралар Ақмола облысының аумағында шілде айы бойы өтеді.