Ақмола облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары жазғы маусымның қызу кезеңінде ОПДО және Көкшетау қ. қалалық емханасының жанындағы СӨС ҚО-мен облыстың балалар сауықтыру орталықтарында жыл сайын бірлескен алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
2019 жылы шілденің 16-сы күні Ақкөл ауданының "Юность" және "Рассвет" БСО-на шығу жүзеге асырылды.
Орталықтың маманы Ж. Шарипова жастарға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы ойын түрінде айтып, АИТВ-ның қаншалықты қауіпті екенін және өзін қалай қорғау керектігін түсіндірді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар айналасындағыларға қауіпті емес екеніне ерекше тоқтала отырып, олармен дос болуға, оқуға және жұмыс істеуге болатындығын айтты.
Іс-шара соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді