2019 жылы 16 шілдеде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы Көкшетау қаласы №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында алдын алу бөлімінің социологы - Н. Конуспаев Ақмола облысы бойынша АИТВ-жұқпасының алдын алу әдістері мен берілу жолдары, эпидемиологиялық жағдай, қызмет атқару кезіндегі кәсіби қауіптерді және осы тәуекелдердің алдын алу мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар, дәріскер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол берілмейтінін ерекше атап өтті, өйткені олар жұмысқа орналасуға, жалпы негізде білім беру және медициналық қызметтерді алуға тең құқылы, себебі достық қарым-қатынас қоршаған ортаға қауіпті емес.
Кездесудің басында және соңында АИТВ және ЖИТС туралы хабардарлығы бойынша сауалнама жүргізілді. Іс-шара соңында презентатор аудиторияның сұрақтарына жауап берді.