2019 жылдың 26 маусымында байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы Ақмола өңірінде салауатты өмір салтын насихаттаумен және халыққа АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша өзекті ақпарат берумен айналысатын журналистерді алғыс хаттармен марапаттады.
Алғыс хаттармен "Кокшетау сегодня" газетінің бас редакторы Олеся Жагпарова, "Казахстанская правда" газетінің тілшісі Шингисхан Ташенов, "Степной маяк" газетінің тілшісі Наталья Яковлева және Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Фатима Рассолова марапатталды.
Өз құттықтауында орталықтың бас дәрігері Курманбек Бурмаганов журналистерге олардың қиын еңбегі үшін алғысын білдіріп, шабыттану, үнемі шығармашылық ізденістер, оқырмандардың шексіз сенімін, жаңа идеялар мен жобаларды табысты іске асыруды тіледі. Сонымен қатар, бас дәрігердің орынбасары Сәуле Жаканова оларды алғыс хатпен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда байланыс және ақпарат қызметкерлері күні жыл сайын 28 маусымда атап өтіледі. Бұл күні республиканың бұқаралық ақпарат құралдарының барлық қызметкерлері әріптестерінен, достарынан және басшыларынан кәсіби мерекелерден құттықтаулар алады, ал Қазақстан Президенті алғыс жариялайды және олардың ішінде ерекше көзге түскендерге әртүрлі марапаттар береді