2019 жылдың 6 маусымында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары Застанционный кентінің №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Осы іс-шараның басты мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерінде ақпараттандыруды арттыру болып табылады, орталықтың әлеуметтанушысы Нурлыбек Коныспаев АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың таралу жолдары мен алдын алу шаралары, стигма және кемсітушілік туралы айтып, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды көрсетіп, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат берілгенге дейін және одан кейін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді.
Іс-шараға барлығы 30-дан астам тыңдаушылар қатысты.