20.11.2015 жылы Ақмола ЖИТС ОО мамандары және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) Ақмола облысы денсаулық сақтау мемлекеттік және ведомстволық қызметтердің өзара іс-әрекеті бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді. Ол ҚР Үкіметінің 29 қаңтар 2011 жылы № 41 Қаулысымен бекітілген, 2011-2015 ж.ж. арналған, Қазақстан Республикасы «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен белгіленген.
Кеңеске Ақмола облысы бойынша ҚАЖД сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының мамандары, түзету мекемелерінің емдеу жұмысы жөніндегі басшыларының орынбасарлары, МСБ басшылары қатысып, облыстағы пенитенциарлық мекемелерде эпидемиологиялық жөнділікті сақтауға бағытталған сұрақтары, АИТВ-инфекцияның алдын алу бойынша ақпараттық-білімдендіру жұмысы талқыланды.
Сондай-ақ АИТВ-жұқтырған сотталғандарға медициналық қызмет көрсету сапасына, АИТВ-жұқтырғандардың антиретровирустік терапияға бейімделуін жетілдіру сұрақтарына көңіл бөлінді.