2019 жылдың 16 мамырында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандарымен Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні шеңберінде жоғары техникалық колледж студенттері мен педагогтарына арналған акция өткізілді. Ұйымдастырылған іс - шараның мақсаты-жастардың АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, денсаулықты сақтау мәселелеріне назар аудару және салауатты өмір салтын насихаттау.
Акция барысында барлық тілек білдірушілер өздерінің АИТВ-статусын біле алды - осы мақсатта жедел - тестілеуден өту пункті ашылды, онда 22 адам тексерілді, олардың барлығы мамандардың кеңесін алды.
Іс-шараның жарқын тармақтарының бірі АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және алдын алу әдістері туралы сұрақтармен ұйымдастырылған сөзжұмбақтар болды, онда әрбір жауапты қатысушы дұрыс жауап үшін сыйлық ала алды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға өздерінің тілектерін және қолдау сөздерін балалар жазбаларда қалдырды.
Іс-шараға барлығы 80-нен астам адам қатысты, оларға бүктемелер, парақшалар, күнтізбелер таратылды.