15 мамырда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының және Ақмола психикалық денсаулық орталығының мамандары Зеренді ауданында тіркелген ауылдың медицина қызметкерлерінің қатысуымен медициналық кеңес өткізді. АИТВ-инфекциясының облыста таралуы және оның Зеренді ауданында ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша тұрғындармен алдын алу жұмысты ұйымдастыру, халықтың осал топтарын АИТВ-ны анықтау үшін тексерумен қамтуды ұйымдастыру, АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарды диспансерлеу мәселелері және т.б. мәселелер талқыланды.
Ауданда АИТВ-инфекциясының таралуын ұстап тұру бойынша жұмысты ұйымдастыруды жақсарту жөнінде міндеттер анықталды.