Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының және Ақмола психикалық денсаулық орталығының мамандары 15 мамырда Зеренді ауданында көшпелі ведомствоаралық кеңес өткізді, оған мүдделі ведомстволардың басшылары шақырылды.
Кеңес барысында АИТВ-инфекциясы бойынша алдын алу іс-шараларына, тексеруден және емдеуден бас тартқандар және айналасындағыларды жұқтыру қаупі бар АИТВ-инфекциясын диспансерлеуді қамтамасыз етуге қатысты мәселелер, АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері және т.б. мәселелер талқыланды.
Кеңес барысында Зеренда ауданында АИТВ-инфекциясының таралуын ұстап қалу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық жөніндегі жоспарлар белгіленді.