2019 жылдың 30 сәуірінде Ақмола ЖИТС ОО-да бас дәрігер К.Бурмагановтың ашуымен басталған, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған салтанатты жиналысы өтті. Орталық басшысы өз сөзінде бұл күннің 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұратын көпұлтты Қазақстан үшін маңыздылығын атап өтті.
Бас дәрігердің орынбасары С.Жаканова мерекенің шығу тарихы мен Қазақстан халықтарының бірлігі Күнін тойлау дәстүрі туралы айтты. Кәсіподақ комитетінің төрағасы А. Балтабаева әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, бейбітшілік, жақсылық, отбасылық бақ-береке және гүлдену тіледі. Естеріңізге сала кетейік, салтанатты жиын тікелей эфирде орталықтың Instagram-дағы ресми аккаунтында өтті.