2019 жылдың 24 сәуірінде Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Абишевтың қатысуымен, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында, 2019 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша, медициналық кеңес өткізілді.
Бас дәрігердің орынбасары С.Жаканова өз сөзінде өткен жылмен салыстырғанда инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-жұқпасын анықтау үрдісінің төмендеу тенденциясын айтып, таралудың неғұрлым жоғары деңгейі бұрынғысынша Жарқайын, Атбасар, Ақкөл, Ерейментау аудандарында, Степногорск және Көкшетау қалаларында қалғандығын атап өтті.
Облыста инфекциялық үдерісті тұрақтандыру мақсатында есептік кезеңде белгілі бір ұйымдастыру-әдістемелік және емдеу-алдын алу жұмыстары жүргізілді: ІІД-мен, ҚДСД-мен, білім беру, ішкі саясат, халықты әлеуметтік қорғау, наркологиялық қызмет, облыстық СӨСҚ орталығымен ведомствоаралық және ведомствоішілік кеңестер. ЖИТС ОО "Нұр Отан" жұмыс комиссиясының отырысында тындалды, Атбасар, Жақсы және Ақкөл аудандарында 3 көшпелі медициналық кеңес өткізілді, селекторлық тәртіпте аудандық буын мамандарына арналған семинар өткізілді.
Тоқсан сайын облыстың барлық ЕАҰ-ға және басқа да ұйымдарға сырқаттанушылықты талдау, халықты АИТВ-ға тестілеумен ұйымдастыру және қамту, алдын алу іс-шараларын өткізу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қамту, диспансеризация және емдеу бар ақпараттық бюллетень беріледі. Ағымдағы жылы ЖИТС ОО "инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыру" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жоба дайындалды және облыстың ДСБ қарауына жіберілді.
Әлеуметтік желілерде (3000-нан астам жазылушы) ақпараттық-білім беру бағытындағы жарияланымдарды орналастыруға көп көңіл бөлінеді.
Денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС ОО арасында жасалған меморандумның барлық тармақтары, сондай-ақ ҚР "Денсаулық" МДБ индикаторлары есепті кезеңде орындалды.