2019 жылдың 20 сәуірінде Көкшетау қаласында жалпы қалалық сенбілік өтті. Ақмола облысының ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының ұжымы іргелес аумақты, медицина қызметкерлерінің аллеясын, сондай-ақ Қ. Сәтпаев көшесіндегі аллея учаскесін санитарлық тазалау мен абаттандыруға белсенді қатысты. Сенбілікке қатысушылар күректер мен тырнауыштар, қолғаптар мен қоқыс қаптармен қамтамасыз етілді.
Жалпы қалалық сенбіліктің негізгі мақсаты - бұл қоғам назарын, қаладағы көше тазалығын сақтау мәселесіне тарту мен экологиялық мәдениетті құру.