2019 жылғы 17 сәуірде Ақмола облысының статистика департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-білім беру акциясы өтті.
Мәжіліс залында ЖИТС АОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі З. Хван АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың таралу жолдары мен алдын алу шаралары, стигма және кемсітушілік туралы айтып, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды таныстырып, аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Ақпарат берілгенге дейін және одан кейін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді.
Іс-шараға 40-тан астам мемлекеттік қызметкерлер қатысты, ал оның 23-і өзінің АИТВ-мәртебесін жедел тестілеумен импровизацияланған пунктінде білді.