2019 жылы 11 сәуірде Біржан Сал ауданында бекітілген ауылдардың медицина қызметкерлерінің қатысуымен, дәрігерлер мен ОМҚ үшін медкеңес және семинар өткізілді.
Медкеңесте АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша, жұмысты ұйымдастыру, АИТВ-инфекциясының таралу ерекшеліктері, АИТВ-инфекциясын, ауданда нашақорлықты ерте анықтау үшін халықты тексерумен уақытылы қамту мәселелері айтылды.
Медициналық кеңес аяқталғаннан кейін, оқыту семинары өткізілді, онда ауруханаішілік АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу, АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды диспансерлеу, есірткі тұтынушыларды анықтауға медициналық куәландыру жүргізу, шұғыл жағдайларда АИТВ-ны ерте анықтау үшін жедел тест қою және т. б. сұрақтар талқыланды.
Медицина қызметкерлеріне бейнероликтер, бүктемелер мен плакаттар түрінде ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.