2019 жылдың 13 наурызында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар аясында, Ақмола облыстық К.Курманбаев ат. туберкулезге қарсы диспансері өткізген, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері, сондай-ақ Ақмола облысының "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Ақмола облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері, "Луч надежды", "Игілік" ҮЕҰ басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері Курманбек Бурмаганов АИТВ-инфекциясының бизнеске әсер етпейтіндігін айта отырып, барлық бизнес-басшыларын әлеуметтік белсенділік танытуға шақырды. Оның айтуынша, Қазақстанда АИТВ-инфекциясы төмен деңгейде және экономика деңгейіне, бизнесті жүргізуге әсер етпейді. Бизнес АИТВ-инфекциясын емдеуге байланысты ешқандай шығын келтірмейді, ал АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жұқтырмаған сияқты құқықтары бар - оларды жұмыстан босатуға немесе жұмысқа қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Біздің елімізде АИТВ-инфекциясын емдеу тегін және мемлекет кепілдік береді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар өз әріптестерін жұмыс бойынша жұқтыра алмайды және ұжым үшін қауіп төндірмейді. Өйткені вирус ауадан, қол алысқанда, жалпы дәретхананы, ыдысты, бассейнде немесе моншада пайдаланғанда берілмейді.
Сондай-ақ, Курманбек Жумабекович облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлерімен тұрақты негізде халықтың және бизнес-құрылым басшыларының ақпараттандырылуын арттыру бойынша жұмыс жүргізілетінін хабарлады: жаднамалар, сауалнамалар тапсырылады, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша тікелей жұмыс орындарында дәрістер өткізіледі, өйткені бизнес-құрылым басшыларының АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу дәрежесі және оның әсер ету аспектілерін түсіну өте маңызды.