«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Көкшетау қ. «Біздің өміріміздегі АИТВ-инфекция» дөңгелек үстелі

18.11.2015

17 қараша 2015 жылы Көкшетау қаласында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы облыстық М.Жұмабаев атындағы кітапханасымен бірге Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес айлығы аясында «Біздің өміріміздегі АИТВ-инфекция» тақырыбына дөңгелек үстел өткізіп, оның жұмысына білім басқармасы, ІІД наркобизнеспен күрес жөніндегі басқармасы, облыстық СӨС қалыптастыру орталығы, жастар саясаты сұрақтары жөніндегі басқармасы, ҚАЖД, діни конфессиялар, ІІД, ҮЕҰ өкілдері, Көкшетау техникалық институтының, Көкшетау А.Мырзахметов атындағы университетінің, азаматтық қорғаныс көппрофильді колледждің, «Арна» колледжінің, Жоғары техникалық мектептің студенттері қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары көрмені тамашалап, жедел-әдіспен АИТВ-ға тестен өтіп, өз АИТВ-дәрежесін біле алды, психолог кеңес берді. Барлығы 16 адам тестен өтті.

ЖИТСОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі Хван Зоя Андреевна республика, Ақмола облысындағы АИТВ-инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды айтып, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанының мақсаты, ұраны жөнінде әңгіме қозғады. АИТВ-инфекцияның алдын алуда білім жүйесінің рөлі туралы Көкшетау қ. білім бөлімінің гигиена сұрақтары жөніндегі кеңесшісі Назарова Сауле Жангужанқызы айтты. «СӨС-н насихаттау АИТВ-инфекцияның алдын алуда маңызды шара» тақырыбына СӨСҚОО директорының орынбасары Жантемирова Дана Асадқызы баяндама жасады. ІІД наркобизнеспен күрес жөніндегі басқармасы алдын алу және ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің аға инспекторы Курсанова Разия Талгатқызы ведомствоаралық жұмыстың АИТВ-инфекция мен нашақорлықтың алдын алуға тигізетін әсері туралы сөз сөйледі.

Соңында студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Барлық қатысушыларға бүктемелер, парақшалар, буклеттер таратылды.