2019 жылдың 27 ақпан күні Ақмола ОЖИТСО педагогы А.Кульбаева «Есірткіге «ЖОҚ!, салауатты өмірге «Иә!» атты ең үздік бейнеролик сырттай облыстық байқауының қорытындысын шығаруға, байқау комиссиясының құрамына қатысты.
Байқау Ақмола облысының творчествалық дарынды балалардың жұмысы бойынша оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырылумен, Қазақстан Республикасындағы жастар жылының аясында өткізілді.
Байқау жұмысының басты талаптары: ақпараттылық, творчествалық икем, бейнероликтің креативтілігі. Жұмыстар облыстың аудандарынан жіберілді, барлығы 40-тан астам жұмыс. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.