10 қараша 2015 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің заң факультеті негізінде бірінші курстағы студенттермен кездесу өтіп, тақырыбы АИТВ-инфекция болды. Бұл іс-шараның негізгі міндеті - жастарда жауапты және қауіпсіз мінез-құлық, ішімдікке, нашақорлыққа қарсы дағдылар қалыптастыру болды.
Дәріс барысында ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің социологы Конуспаев Нурлубек елде және облыста қалыптасқан АИТВ жағдайын, инфекцияның жұғу жолдарын, алдын алу амалдарын айтып берді. Қазіргі кезде АИТВ-инфекцияның негізгі жұғу жолдары жыныстық қатынас арқылы екенін, Ақмола облысында 2015 жылғы қазанның 1-не бұл 81% құрғанын әңгімеледі. Тақырыптық, мотивациялық бейнероликтер қолданып, олар мәселенің түпкілікті мағынасын ашты, оң өмірлік сценарий қалыптастыруға итермеледі. Оның үстіне «ақыл-ой шабуылы», пікірталастар, өз тұғырын жақтау қолданылды.
Кездесу соңында дәріскер жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, өз мінез-құлықтарына жауапты болуға, өмірлік басымдылықты дұрыс қоя білуге тілек білдірді.