Әлемде мамырдың әр үшінші жексенбісі ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аталады. 2015 жылы бұл күн 17мамырға түсіп тұр. Ең алғашқыда 1983 жылы Сан - Францискода (АҚШ) ЖИТС мәселесімен айналысқан бір топ адамдар өткізді. Қазір ол дәстүрге айналды. Осы күні әлемнің барлық елдерінде қайтыс болғандарды еске алу үшін әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, ЖИТС індетінің әркімге жұғуы мүмкін екенін ойландырып, жоқтарды еске алып, АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін достар, туыстарды қолдау, үкімет пен қоғам назарын АИТВ-инфекциясы мәселесіне назар аудару - Еске алу күнінің басты міндеттері.
Әлемде Бірінші Халықаралық мемориал бар, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алуға салынған. Ол - «ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу білтесі». Бұл күні білтелермен шеру, еске алу, теле-радиобағдарламалар, қайырымдылық концерттер, ағарту акциялары, көркем көрмелер және басқа іс-шаралар өткізіледі.
Бұл күні адамдар киімдеріне қызыл жолақ жапсырады - миллиондаған қайтыс болғандарды еске алу мен қайғыру, ЖИТС-ң шекарасы, ұлты, жынысы және жасы жоқтығының белгісі. Бастысы - адамзат бұл ауруды жеңеді деген үміт символы.
Еске алу күнінде квилт - еске алу полотнасын тігу дәстүрі бар, жақын адамдарға арналған мата құрақтарынан жасалған суреттер. Сондай-ақ осы күні ЖИТС індеті басталған жылдар есебіне сай еске алу ағаштары отырғызылады.
Еске алу күнін өткізу мақсаты - ЖИТС-тен қайтыс болғандардың мәселесіне әлемдік қоғамның назар аудару. Мейлінше көптеген адамдарға ЖИТС-тен қорғану құралдары және жұғу жолдары туралы айту. Адамдарға ЖИТС есіртке, жыныстық қатынас, қан арқылы және анадан нәрестеге жұғатыны жөнінде ескертпе жасау.
Бүгіндері әлемде ресми түрде 40 млн АИТВ-жұқтырғандар тіркелген. Қазақстанда 2015 жылғы мамырдың 1-не 25080 АИТВ-жұқтырған тіркелген, о.і. 2311- ЖИТС-пен ауырғандар, өлгендері - 6119 адам.
Ақмола облысында 509 АИТВ-инфекция оқиғасы орын алды, ЖИТС-пен ауыратындар - 39 адам, қайтыс болғаны - 132 адам.
2015 жылдың төрт айында облыста 25 жаңа АИТВ-инфекция оқиғасы тіркелді. Жыныстық қатынас арқылы жұғудың көбею тенденциясы байқалады: облыс бойынша 84 %, ҚР бойынша - 58,2%. Есірткені тұтыну арқылы республика бойынша 33%, облыс бойынша - 16 %. 20-39 жастағы адамдардың ауруы - 76% облыс бойынша, 66,3% - республика бойынша.