2018 жылдың 20 желтоқсан күні Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының педагогі А. Кульбаева «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында Көкшетау қаласының «Білім инновация» мектеп-гимназияның оқушылары арасында дәріс өткізді.
Орталықтың маманы «АИТВ және ЖИТС», «берілу жолдары», «алдын алу шаралары», «таңба және кемсіту» туралы сұрақтарға жауап берді. АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Дәріс соңында қатысушыларға ақпараттық-ағарту материалдары таратылды. Барлығы 132 адам қамтылды.