2018 жылдың алтыншы желтоқсанында "Көкшетау" мәдениет сарайында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес кампаниясына арналған кең ауқымды жастар акциясы өтті. Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы мәдениет сарайының фойесінде ақпараттық бұрыш ашып, онда әрбір тілек білдіруші АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалымен танысып, мамандардың кеңестерін ала алды. Акцияда әндер шырқалып, би ансамбльдері өнер көрсетіп, бейнероликтер көрсетілді. Көкшетау қ. № 21 орта мектеп-лицейі "АИТВ-мен өмір сүретін адам өмірінің бір күні" тақырыбында үздік көрініске облыстық конкурс жеңімпазы атанды. "Өз АИТВ дәрежеңді біл!" Instagram әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик байқауында, Бурабай ауданы, А. И. Досова атындағы Қотыркөл орта мектебінің Байманова Перизат пен Мартенс Елена жеңімпаз атанды, екінші орынды Көкшетау қ. жоғары медициналық колледжінің студенті Сабыржан Абылайхан, үшінші орынды Азат Қайырбаев жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. "Атамекен" Ақмола облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, "Көкшетау Энерго" ЖШС, Қалалық емхана жанындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Көкшетау техникалық институты, Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжі ынтымақтастық және белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты: Олар Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері.