11 қараша 2015 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірігіп облыстық газеттер, ТВ журналистері үшін баспасөз конференциясын өткізді. Оған облыстық білім басқармасы, облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармасы, қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті, қалалық ресурстік жастар орталығы, облыстық кітапхана, «Право на жизнь» жастар қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
ЖИТС ОО-ң бас дәрігері Бурмаганов Қ.Ж. 2015 жылы Дүниежүзілік науқан: «Мақсат бағдарында: АИТВ-мен тұратын адамдардың 90%-ы өзінің АИТВ-дәрежесін біледі; АИТВ-инфекция диагнозы бар адамдардың 90%-ы антиретровирустік терапия алады (бұдан былай АРТ); АРТ алатын адамдардың 90%-ы вирустік тежеуге ие болады» девизімен өткізілетінін, орталық осыған қол жеткізу үшін қандай жұмыс атқарып жүргенін, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық ішінде нендей іс-шаралар өтіп жатқанын айтып берді.
СӨСҚОО-ң директоры Садвакасова Ж.К. орталық тұрғындар арасында қауіпсіз мінез-құлықты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарымен қандай жұмыс тындырғанын әңгімеледі.
Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Бапенова Б.И. ҚР және Ақмола облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, АИТВ-ға тұрғындарды скринингтеу, облыстағы эпидемиялық үдерістің ерекшеліктеріне, тұрғындардың осал топтарымен алдын алу жұмысына тоқталды.
ЖИТСОО емдеу-алдын алу бөлімінің дәрігері Нугуманова Х.Б. диспансерлік бақылау және АИТВ-жұқтырғандарды емдеу, анадан балаға АИТВ-инфекцияның вертикальді жұғуының алдын алуы туралы айтты.
Соңында ЖИТС ОО-ң бас дәрігері Бурмаганов Қ.Ж қорытынды жасады: қазіргі кезде АИТВ-инфекцияны тегін емдеу мүмкіншілігі барда, соның арқасында вирустік салмақ төмендеп тұрғанда (яғни қандағы вирус саны) АИТВ жұқпайтын деңгейге жеткенде, бізде АИТВ-ң таралуын 90-90-90 мақсатқа қол жеткізу арқылы тоқтату мүмкіншілігі пайда болды.
БАҚ үшін дайындалған баспасөз-релиз таратылды.