«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : "Салауатты болашаққа қадам» атты диалог алаңы

22.11.2018

 

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы және "Бақытты балалық шақты қорғауда" имидждік жобасын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облыстық ЖИТС- пен күрес және алдын алу орталығы, Көкшетау қаласы ІІБ ЖПҚ ювеналдық полиция бөлімімен бірлесіп "Салауатты болашаққа қадам" диалог алаңын өткізді.

Студенттермен кездесуге Ақмола облысы полиция департаментінің ЕБКБ, Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығы, Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы, "Шанс" қоғамдық қорының өкілдері, сондай-ақ "Сенім"есірткіге тәуелді адамдарға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығының емделушілері шақырылды.

Біздің қоғамымыздың алдында тұрған ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі бүгінгі күні, сөзсіз, психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу және өскелең ұрпақ арасында АИТВ-инфекциясын төмендету қаупі болып табылады. Сұхбат алаңына шақырылған қатысушылар жасөспірімнің қауіпті мінез-құлқының салдары туралы өз ақпараттарымен бөлісті, ПБЗ қолдану кезінде АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу шаралары мен қаупі туралы айтты.

Сонымен қатар, денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы еске салып, жастарды өз денсаулығына жауапты болуға және қаламыздың жастардың бос уақытын өткізу орталықтарына белсенді қатысуға шақырды. Есірткіге тәуелділік деген не екенін біле тұра алмаған емделушілер өз әңгімелерімен бөлісті. Сондай-ақ, жоғалтқан туған-туыстарын, бір өздері өз мәселелерімен қалғандығын, денсаулықтарын құртумен және уақыттарының жоғалтқандығы туралы айтты. Іс-шара соңында студенттер белсенді сұрақтар қойып, емделушілерге денсаулық және осы дертке қарсы күреске күш-жігер тіледі.