2018 жылдың 16 қарашасында «Болашағымыз өз қолымызда» корпоративтік қоры, Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасы мен Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының «Фертильді жастағы әйелдер арасындағы сүт безі обыры, жатыр мойны обырының алдын алуы» атты семинар өткізді. Семинарға Ақмола облысының Зеренді ауданының Красиловка, Викторовка, Айдабол селосының мемлекеттік қызметкерлері, бюджеттік қызметкерлері, жеке кәсіпкерлері белсене ат салысты.
Облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының педагогы- А.Е.Кульбаева, «Жыныстық жолмен берілетін аурулардың, АИТВ инфекциясының алдын алуы» тақырыбы баяндамасында аурулардың таралу жолдарымен және алдын алу шараларымен таныстырып өтті. Әйелдер қауымын өз репродуктивті денсаулығына зер салуына, әр жыл сайын медициналық тексерістен өтуге, В,С гепатиттеріне, АИТВ инфекциясына қан тапсыруға шақырды.