2018 жылдың 12 қарашасында орталықтың маманы - Ш.Торебаев, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында, АИТВ-инфекциясы бойынша, Көкшетау қаласындағы «Көшетау Энерго» ЖШС мен «Көкше Техстрой» ЖШС филиалдарында дәріс өткізді.
Қатысушыларға таралу жолдары мен алдын алу шараларын, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың таңбасы мен кемсітушілігі жөнінде толық әңгімелеп берді. Бұдан басқа осы аурудың эпидемиологиялық жағдайын ұсынды.
Кездесу соңында әрбіреуі қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңестер алды.