2018 жылдың 7 қарашасында ЖИТС АОО мамандары Аршалы ауданының медициналық қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша семинар өткізді.
Кездесуде Ақмола облысында АИТВ-инфекциясының таралуын, Аршалы ауданында жұқпаның таралу ерекшеліктері жөнінде ақпараттарын ұсынды. Қатысушылар авариялық жағдайлардың алдын алу мәселелерін реттейтін және қызметкерлердің АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтыруына жол бермейтін, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды диспансерлеу мәселелері жөнінде, АИТВ-инфекциясының ошақтарында эпидемияға қарсы жұмыстарымен және басқа да жаңа нормативтік актілердің талаптарымен танысты.
Семинар барысында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша дәрігерлер мен медбикелердің білімдеріне сауалнама жүргізілді.