2018 жылдың 8-ші қарашасында Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде республикалық және облыстық БАҚ журналистерінің, білім басқармасы мен жастар саясатының және Ақмола облысы ІІД-нің, облыстық және қалалық жастар ресурстік орталығының, қаланың жоғары оқу орындарының қатысуымен, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына арналған « Өз дәрежеңді біл!» ұранымен баспасөз-конференциясы өтті. Дүниежүзілік науқанның мақсаты: барлық қоғамның назарын аударту, салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, халыққа АИТВ және ЖИТС бойынша ақпаратты, бұқаралық ақпарат құралдардың пайдалануымен ұсынуды қамтамасыз ету, қазіргі техникалық құралдар мен білім беру түрінде, жастардың ақпараттану деңгейіне ерекше назар аударту. Орталықтың бас дәрігері-К.Бурмаганов өз сөзінде - «ЖИТС-қа байланысты жауапты шаралар, маңызды оңалуға жетті деуге болады және бүгін де миллиондаған ЖИТС-пен өмір сүретіндер дені сау және тиімді өмір сүруде. Бірақ, бізде шешілмеген мәселелер бар, соның бірі- өзіңнің АИТВ дәрежеңді білу»,- екендігін айтып кетті.
Бүгін де, АИТВ-ға тестілеу емделудің кеңейтілуіне маңызды және адамдарға өзі мен өзінің жақындарын қорғау үшін, АИТВ-ның алдын алуына қатысты таңдауына мүмкіндік береді. Таңба мен кемсітушілік АИТВ-ға тестілеуге тосқауыл болып табылады. Көптеген адамдар тестіленуге, аурудың белгілері пайда болғаннан кейін ғана келеді. Бұл емделудің басталуының кештігіне әкеледі, ол қалай емделушінің артықшылығын бұзса, солай алдын алудың да артықшылығын бұзады, - деп спикер түйіндеді.
Бұдан басқа К.Бурмаганов, қатысушыларға Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны шегінде, өткізілетін негізгі іс-шаралары мен ережелерін айтып өтті. Әрі қарай алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- З.Хван, Ақмола облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың презентациясын ұсынды. Содан емдеу-алдын алу бөлімінің дәрігері- Х.Нугуманова, «Тестіле және емде» стратегиясына толығырақ тоқталып, облыс өңірлеріндегі АИТВ-инфекциясын емдеудің жетістіктерін айтты.
2018 жылдың 15-ші қарашасынан 15-ші желтоқсанына дейін, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны өтеді және «Көкшетау» мәдениет сарайында жастар акциясымен аяқталады.