Ведомствааралық серіктестік аясында Көкшетау қаласының мектеп оқытушылары арасындағы ағарту семинарларын өткізу жұмысы жалғастыруда. 2018 жылдың екінші қарашада Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары «АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбында Көкшетау қаласының №19 орта мектебі мен №5 «Таңдау» көпсалалы гимназияның мұғалімдерімен семинар өткізді.
Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының таралу мен алдын алу жолдары, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайы, оқушылар арасындағы АИТВ инфекциясының тиімді алдын алу шаралары мен АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынасы жайлы сұрақтар қозғалды. Бейнероликтер ұсынылып, АИТВ/ЖИТС туралы сауалнама өткізді. Мұғалімдерге оқыту бейнероликтері мен презентациялары таратылды.