2018 жылдың 30 қарашадан 1 қараша аралығында Көкшетау қаласында халыққа психо-наркологиялық көмек көрсетудің сапасын жақсарту бойынша, облыстық дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен және психологтармен семинар өтті.
Семинарға Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары қатысты. Семинардың негізгі топтамасы Ақмола облысындағы психо-наркологиялық қызметі ұйымының, жаңа психикалық белсенді заттарды тұтыну мәселесі мен тәуелділікті емдеу үлгілері сұрақтары болып табылды.
Семинар барысында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі - Батеш Бапенова баяндамасында облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша, эпидемиологиялық жағдайы жөнінде, әсіресе инемен есірткі тұтынатын адамдар жөнінде ақпаратты мазмұнды айтып берді. Батеш Искаковна есірткіге тәуелділердің скринингтеу және наркологиялық қызметпен өзара әрекеттесу, сонымен қатар парентеральді жұқтырудың алдын алу мәселелеріне толық тоқталды.