Ұйымдастырушылар: Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы
Қатысушылар: Ақмола облысы ЖОО мен колледждері
Тақырып: «АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамның бір күндік өмірінен»
Мақсат: АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен төзімді қарым-қатынас жасауды қалыптастыру, АИТВ-инфекциясының сұрақтары бойынша, расталған ақпаратты халыққа қолжеткізуді ұсыну.
Байқаудың міндеттері:
-
АИТВ-жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша, жастарды ақпараттану деңгейін жетілдіру, салауаттық өмір салтын насихаттау;
-
Қауіпсіз, жауапты, адамгершілік-жыныстық мінез-құлық дағдыларын дамыту;
-
АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен төзімді қарым-қатынасты дамыту;
-
жастар мен жасөспірімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту;
Өткізу мерзімі: Ақмола облысы ЖОО мен колледждері студенттері арасында «АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамның бір күндік өмірінен» тақырыбындағы ең жақсы сахналау облыстық байқауы 2018 жылдың 1-ші қарашасынан 30-шы қарашасына дейін жарияланды, байқаудың жұмыстарын 2018 жылдың 10-шы қарашасына дейін, мына электрондық мекен-жайымызға akmolprof@mail.ru ,сағат 16.00-ге жіберулеріңіз қажет.
Байқаудың шарттары:
Байқауға Ақмола облысының барлық жалпы білім беру орындарының оқушылары, колледждері мен жоғары оқу орындары қатыса алады. Байқаулық жұмыстарды таңдап алғанда олардың мазмұны, өзектілігі, көрнектілігі, ерекшелігі, көркемділігі, шығармашылық сипаттамасы маңызды критерий болып табылады. Сахналау басында АИТВ-инфекциясы туралы, таралу жолдары мен алдын алу әдістеріне 5 минуттан артық емес қысқаша ақпарат берілуі қажет. Сахналау мазмұнына АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен қарым-қатынасынның төзімді сұрақтарын және оларды қоғамда шеттетпеу, тұрмыстық жағдайда жұқпаның жұқтырмайтынын білдіріп айтуы қажет.
Байқаулық жұмыстарға талаптар:
1. Байқаудың қатысушылары (қалалық білім беру мекемелері) өздерінің білім беру мекемелерінің базасында ұсыныстарын ұйымдастырады. Көрермендер ретінде оқушыларды, студенттерді, сонымен қатар комиссия мүшелерін, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығынан мамандарды шақырады.Сахналау қазақ тілінде және орыс тілінде жүргізіледі.
2. Байқаудың қатысушылары (аудандық білім беру мекемелері) өздерінің білім беру мекемелерінің базасында ұсыныстарын ұйымдастырады. Көрермендер ретінде оқушыларды, студенттерді шақырады. Сахналау қазақ тілінде және орыс тілінде жүргізіледі. байқаулық жұмыстардың фотосуреттері есебінде, кем дегенде 5 фотосурет және бейне сюжеттерін, 2018 жылдың 30-шы қарашасына дейін, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына ұсынуларыңыз керек.Ұсынылған байқаулық жұмыстар жақсы сапалы MP4 немесе AVI.үлгісінде болуы қажет;
3. Сахналау көрсетілімінің ұзақтылығы - 10-15 минуттан артық болмау керек;
4. Сюжеттің қойылымына талаптар:
* байқаулық жұмыстың мәтінінің мазмұны, бағдарламасының бар болуы;
* Сахналау музыкалық түрде (сахналау жанды дауыста немесе фонограммада) қошеметтеледі;
* эстетикалық түрде көркем әшекейлеу;
* декорация нұсқасының бар болуы;
Байқау нәтижесін қорыту.
2018 жылдың 4-ші желтоқсанында байқаудың қорытындысын жинақтау болады. Байқаудың жеңімпаздары, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған қорытынды акциясында, 2018 жылдың 6-шы желтоқсанында, Көкшетау қаласының «Көкшетау» МС, сағат 16.00-де жарияланады.
Марапаттау:
Байқаудың жеңімпаздары Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған, қорытынды акцияда дипломдармен, сыйлықтармен марапаталады.
Қызыққан сұрақтарың болып жатса, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу бөліміне, мына біздің телефон арқылы: (7162) 25-07-54 хабарласуларыңызға және мына электрондық мекен-жайымызға: akmolprof@mail.ru. жіберуге болады.
Тапсырыс
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында, Ақмола облысының ЖОО мен колледждері студенттері мен жалып білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамның бір күндік өмірінен» тақырыбына ең жақсы сахналау облыстық байқауына қатысу.
Мекеменің атауы
|
Қойылымның болжалды күні
|
Қойылым қатысушының А.Т.Ә
|
Жауаптының А.Т.Ә.,байланыс телефоны (жұм. және ұялы)
|
|
|
|
|
Руководитель _______________________